«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Қарағанды облысындағы балалар үйін су жаңа көліктермен қамтамасыз етті

ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін Теміртауда Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматуллин мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Франк Паннир облыстағы балалар үйі мен  түзету мектеп-интернатының басшыларына жаңа көліктердің кілттерін табыс етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы  жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған балалармен жұмыс істейтін аймақтағы 12 ұйымға  төрт «ПАЗ» автобусы мен сегіз «Газель» шағын автобусын сатып әперді. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған 32 млн. теңге қаржы жұмсалған.

Осылайша, компания ағымдағы жылдың мамыр айында облыс әкімшілігімен аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы жасалған меморандумның  белгілі бір тармақтарын орындады. Бұған дейін хабарланғанындай, бұл келісімнің жалпы сомасы 1 млрд. теңге құрайды.

 «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып,  жергілікті билік органдары  балалардың жан-жақты дамуына қажетті барлық жағдайларды жасауда. Осы және басқа да мәселелерді шешуде бізге облыстағы жетекші кәсіпорындар көмектесуде», - деп атап өтті Н.Нығматуллин.

 «Бұл сіздердің болашақтарыңызға қосқан біздің үлесіміз», - деді Ф.Паннир балаларды құттықтаған сөзінде және оларға «аңсаған мұраттарыңа жетіңдер» деген тілегін білдірді.

Осы ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы үшін  барша бүлдіршіндер атынан «Айналайын» балалар үйінің директоры, республикалық балалар үйі директорлар кеңесінің мүшесі Гүлмаржан Шонаева алғысын және шынайы ризашылығын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар