«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы кен факультетінің студенттеріне 20 стипендия бөлді

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті кен факультетінің 20 студентіне жылдық стипендиялар бөлді, деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.
None
None

«Университеттің корпоративтік серіктестігі болып табылатын «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Қарағанды көмір бассейнінің шахталарында жұмыс істеуді жоспарлап отырған кен инженерлерінің жас буынына қамқорлық көрсетіп келеді. Стипендия конкурстық іріктеудің негізінде тағайындалады, Ғылыми кеңестің шешімі бойынша бұл шәкіртақылар үздік студенттерге беріледі», - делінген баспасөз хабарламасында.

«АрселорМиттал Теміртау» сондай-ақ кен және металлургиялық мамандықтарды игеруші 20 студенттің ағылшын тілін үйрену сабақтарын қаржыландырады».

«3-4-ші курстардың студенттері компаниямен жасалған келісімшарт бойынша, университеттегі оқуларын аяқтағаннан кейін компанияның шетелдердегі филиалдарында жартыжылдық тағлымдамадан өтеді, одан кейін «АрселорМиттал Теміртаудың» бөлімшелеріндегі жұмыстарына кіріседі», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар