«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы мен ҚарМТУ «Корпоративтік университет» инновациялық-білім беру консорциумын құру туралы келісімге қол қойды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (ҚарМТУ) арасында «Корпоративтік университет» инновациялық-білім беру консорциумын құру жөнінде келісім жасалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ЖОО-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құжатқа «АкселорМиттал Теміртаудың» Қазақстандағы бас директоры Франк Паннир және ҚарМТУ ректоры Арыстан Ғазалиев қол қойды. Корпоративтік университет ҚарМТУ базасында 2008 жылы құрылған болатын, деп хабарлайды ЖОО баспасөз қызметі.«Аталған келісім Корпоративтік университеттің қызметін жетілдіруге бағытталған. Мұнда ынтымақтастықтың бірқатар бағыттары белгіленді: мамандарды дайындау сапасын көтеру мақсатында бірлесіп жасалған білім беру бағдарламасын оқу үдерісіне енгізу, студенттердің мамандық игеруіне, компания мен ЖОО қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға жол ашатын, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кәсіпорнында университет кафедраларының филиалдарын ашу, бірлескен ғылыми-зерттеулер жүргізу, бірлескен халықаралық симпозиумдар, семинарлар мен конференциялар өткізу, халықаралық бағдарламаларға қатысу» және басқа да жобалар жүзеге асырылады, дейді баспасөз қызметі.Бұдан басқа, компания ЖОО-ның ерекше көзге түскен студенттері үшін атаулы стипендия тағайындамақ. Сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ЖОО-ның материалдық-техникалық базасын нығайтуға да күш салмақ.
Соңғы жаңалықтар
telegram