«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 28 млн. теңгеден астам жәрдемақы бөлді

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлайды.
«АрселорМиттал Теміртау» әкімшілігі мен облыстық әкімдік арасында жасалған меморандум аясында Қарағанды облысының 577 ардагеріне 50 мың теңге көлеміндегі жеке материалдық көмек көрсету үшін 28,9 млн. теңге жұмсалған», - деп атап өтіледі хабарламада.
Сондай-ақ компания басшылығы мен «Жақтау» және «Қорғау» кәсіподақ комитеттерінің Жеңіс күнін мерекелеуге орайластырылған біріккен шаралары өткізілді. «Бұрын металлургиялық комбинатында жұмыс істеген Ұлы Отан соғысының 34 ардагеріне 25 мың теңге көлеміндегі материалдық көмек көрсетілді. Бұдан басқа, мереке қарсаңында 1188 тыл еңбеккері мен фашистік концлагерьлердің 17 тұтқыны 5 мың теңгеден алды. 85 жауынгер-интернационалист пен Ауғанстан елінде интернационалдық борышын орындау кезінде қаза тапқандардың 4 анасына 10 мың теңгеден берілді», - делінеді хабарламада.
Ардагерлер үшін сондай-ақ мерекелік концерттер мен шай дастарханы әзірленді. «Компания бөлімшелері ұжымдарының жас еріктілермен біріккен бастамасымен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне пәтерлерін жөндеу және жинау бойынша көмек көрсетілуде», - деп қосып өтті «АрселорМиттал Теміртау» баспасөз қызметінен.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығының шешімімен Теміртаудағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері 2007 жылдан бастап коммуналдық төлемдерден босатылған, деп еске салды компанияда.