«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы «Жас дарындар» бағдарламасы аясында ҚарМТУ студенттеріне шәкіртақы төлейді

ҚАРАҒАНДЫ. 5 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттеріне стипендиялар мен гранттар бөлді.
None
None

Бұл туралы жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Компания өкілдерінің университеттің кен және машина жасау институттары студенттерімен болған кездесуінде «АрселорМиттал Теміртаудың» кадрлар дайындау бөлімінің басшысы Сергей Столповский, «Жас дарындар» бағдарламасы аясында университеттің 10 студентіне ай сайын 10 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленетінін жеткізді», деп хабарлады университеттің баспасөз қызметінен.

Бұл бағдарламаға келешекте «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына жұмысқа тұруға ниетті үшінші курстың үлгерімі жақсы студенттері тартылмақ. «Компанияның талабы бойынша, стипендиаттар таңдаған мамандығына сай келетін бір жұмысшы кәсібін игеруі керек. Ал ағылшын тілін оқытуды компания өз мойнына алып отыр», делінген оқу орнының хабарламасында.

Компания сондай-ақ бірінші курс студенттеріне де гранттар бөліп отыр. «Бұл бағдарламаның мақсаты, бірінші кезекте, кеншілер мен металлургтардың әулеттерін қолдау. Бұл бағдарламада «АрселорМиттал» қызметкерлерінің балаларына, жетім балаларға басымдық беріледі. Компания студенттерден жақсы үлгерімді талап етеді. Егер ол «үштен» көз аша алмай қалса, грант тоқтатылады», деп хабарлады университеттің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар