08:13, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының металлургиялық комбинаты өткен жылы Белоруссияға 100 мың тоннадан астам темір прокатын жөнелтті
ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы 2008 жылы жөнелткен өнімнің көлемі 101,6 мың тоннаны құрады.
Беларус вице-премьері Владимир Семашко бастаған осы ел делегациясының бейсенбі күні металлургиялық комбинатқа жасаған сапары барысында осындай мәлімет жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Атап айтқанда, беларус тұтынушыларына 43,9 мың тонна ыстықтай тегістелген прокат, 33 мың тонна суықтай тегістелген прокат, 18,1 мың тонна мырыш қабатты прокат, 3,9 мың тонна полимер қабатты прокат жөнелтілген. 2008 жылғы жалпы тауар айналымы 96,1 миллион АҚШ долларын құрады, деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» компаниясынан. Компания мәліметтері бойынша, 2009 жылы Белорусқа 79 мың тонна өнім жөнелту жоспарлануда. Тұтынушылардың қатарында «Бобруйск машина жасау зауыты» ААҚ, «Белшина» ААҚ, «БЕЛКАРД» ААҚ, «Минск подшипник зауыты» АҚ бар.