«АрселорМиттал Теміртаудың» орнына келуге ниетті инвесторлар Қытай мен Ресейден, Таяу Шығыстан хабарласып жатыр – Райымбек Баталов

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Райымбек Баталов «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының орнына инвестор болуға ниетті компаниялар әлемнің қай елдерінен хабарласып жатқанын айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

«АрселорМиттал Теміртауға» 1 млн теңге айыппұл салынды
Фото: shutterstock.com.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің сегізінші бизнес форумында азық-түлік қауіпсіздігі, жасыл энергетика мәселесі талқыланып жатыр. Шара кезінде БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Райымбек Баталов «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының орнына келуге ниетті инвесторлар «Атамекен» палатасына да ұсыныстар түсіріп жатқанын айтты.

«Ұлттық палатада ұлттық бизнестен де, шетел бизнесінен де „Карметкомбинатқа“ инвестиция салу мәселесі бойынша түскен ұсыныстар бар. Бұлар — Шығыстың, Ресей Федерациясының, Қытайдың, Таяу Шығыстың инвесторлары. Бұл инвесторлар „Карметкомбинатты“ инвестиция салатын кәсіпорын ретінде қарастырып отыр. Бірақ Үкімет шешім қабылдайды деп ойлаймын. Біз ұлттық палата ретінде осы ақпараттарды береміз. Ол ақпаратты Үкімет ескереді деп үміттенемін», — деді палата басшысы.

Соңғы жаңалықтар