«Арсенал» - «Қайрат» кездесуінде алғашқы минуттан кімдер шығады

АСТАНА. KAZINFORM - UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің сегізінші турындағы «Арсенал» (Англия) - «Қайрат» (Қазақстан) кездесуінде негізгі құрам ойыншылары белгілі болды.

«Арсенал» - «Қайрат» кездесуінде алғашқы минуттан кімдер шығады
Фото: «Қайрат» футбол клубы

Кездесу 28 қаңтардан 29-ына қараған түні сағат 1:00-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кездесу барысында швейцариялық Урс Шнидер бас төреші міндетін атқарады. Оған отандастары Марко Цюрхер мен Беньямин Цюрхер көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Свен Вольфенсбергер.

«Арсенал»: Кепа (Қ) – Майлс Льюис-Скелли, Кристиан Москера, Риккардо Калафьори, Бен Уайт (К) – Кристиан Нергор, Эберечи Эзе, Кай Хаверц – Нони Мадуэке, Габриэл Мартинелли, Виктор Дьекереш;

Қосалқы құрам: Томми Сетфорд (Қ), Джек Портер (Қ) – Габриэл, Марли Сэлмон, Пьеро Инкапье – Мартин Субименди, Ифе Ибрахим, Мартин Эдегор, Брандо Бейли-Джозеф – Букайо Сака, Леандро Троссар, Габриэл Жезус;

«Қайрат»: ​Темірлан Анарбеков (Қ) – Луиш Мата, Александр Мартынович (К), Егор Сорокин, Александр Широбоков, Еркін Тапалов – Әділет Садыбеков, Дан Глейзер, Александр Мрынский, ​Жоржиньо – Эдмилсон;

Қосалқы құрам: Данила Буч (Қ), Шерхан Қалмырза (Қ) – Лев Кургин – Дамир Қасаболат, Юг Станоев, Валерий Громыко – Рамазан Бағдат, Рикардиньо.

Жарақатына байланысты қорғаушылар Уильям Салиба мен Юрриен Тимбердің алдағы кездесуге қатысудан тыс қалып отыр. Олардың орнын қосалқы құрамнан жас футболшылар басуы ықтимал.

Сондай-ақ бүгін жанкүйерлер Микель Мерино мен Деклан Райстың ойынын тамашалай алмайды. Олар негізгі кезеңдегі жеті кездесуде үш мәрте сары қағаз алып үлгерген еді.

Ал «Қайрат» сапынан Дастан Сәтпаев пен Азамат Тұяқбаев жарақатына байланысты командамен Лондонға келген жоқ.

Айта кетсек, «Қайраттың» жанкүйерлер секторына екі мың билет бөлінген. Сатуға шыққаннан кейін бір сағаттай уақыт өткенде ол түгелдей өтіп кеткен.

 

Соңғы жаңалықтар