Аршалы ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Аршалы ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Мерекелік шараға мүмкіндігі шектеулі 40-қа жуық бала қатысты. Оларға Аяз ата мен Ақша қар және түрлі ертегілер кейіпкерлері мерекелік көңіл күй сыйлады. «Акцияның мақсаты - балаларға азғантай болса да мерекелік көңіл күй сыйлау», - деді Аршалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гулзәда Жекебаева. Шара барысында аудандық жастар орталығының қызметкерлері балаларға түрлі қызықты қойылымдар ұсынып, мерекелік кештің ажарын кіргізді. Балаларға тәттілер үлестірілді.

Соңғы жаңалықтар