Аршалы ауданында өткен жылы 2,5 миллиард теңге инвестиция тартылды

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 7-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданында өткен жылы өңір экономикасына екі жарым миллиард теңге мөлшерінде инвестиция тартылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жыл ішінде игерілген қаржының 185 миллион теңгесі құрылыс жұмыстарына қатысты болса, жаңа техника мен технологиялық құрылымдар сатып алу мақсатына - 630 миллион теңге, мал тұқымын асылдандыру ісіне - 110 миллион теңге, жеке үй салуға - бір миллиард 400 миллион теңге жұмсалған. Қарастырылған қаржының 82 пайызы кәсіпорындар, ұйымдар мен жекелей құрылыс жүргізушілер есебінен, 6,8 пайызы -республикалық бюджеттен, 3,2 пайызы - жергілікті бюджеттен, 8 пайызы - несиелік қаржы көздерінен ескерілген. Бұл ретте инвестиция тарту ісіне «Бірсауыт-Агрофирмасы», «Аркада-Индастри», «Нефрит СВ», «Қазшпал» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер өндірістік технологияны жаңарту ісіне ерекше ден қойып, өнім сапасын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, ұжым мүшелерін әлеуметтік қорғау мәселелерін ерекше назарға алды.
Соңғы жаңалықтар