Аршалы ауданында «Сапалы су « бағдарламасына екі миллиард теңге жұмсалды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданында ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатына соңғы үш жылда екі миллиард теңгеден астам қаржы жаратылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 
Аудан әкімі Ермек Маржықбаевтың айтуынша, бүгінде аймақтағы  33 елді мекеннің 22-сінде ауыз суға деген сұраным толықтай қамтамасыз етілсе, биыл олардың қатарына тағы алты ауыл қосылғалы отыр. Ол үшін бюджеттен 341 миллион теңге қаржы қарастылып, су құбырларын алмастыру, суағарлар орнату, тағы басқа да инженерлік қажеттіліктер іске асырылатын болады. Айталық, тек Қойгелді ауылында ауыз су жайын ретке келтіру ісіне 42 миллион теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар