11:31, 10 Қаңтар 2010 | GMT +5
Аршалы ауданында «Жол картасы» бойынша 181 миллион теңге игерілді
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданында өткен жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында 181 миллион теңгенің жұмысы шешімін тапқан,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы уақыт аралығында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтар, әлеуметтік нысандар, ауыларалық жолдар ретке келтіріліп, қосымша 350 жаңа жұмыс орны ашылды. Аудан әкімі Ермек Маржықбаевтың айтуынша, өткен кезеңде Аршалы, Новоалександровский орта мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүзеге асырылып, Белоярка, Вишневка бағытындағы жолдар ректке келтірілген. Шортанды, Ольгинка, Ақтасты ауылдарындағы мәдениет ошақтары жөндеуден өткізіліп, Донецк ауылының ауыз су мәселелесі бір жақты етілген. Бағдарлама аясында жастар тәжірибесін іске асыруға 2,9 миллион теңге, әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға 10,6 миллион теңге жаратылып, 218 жұмыс орны ашылды.