Аршалы ауданының экономикасына өткен жылы 3801 миллион теңге инвестиция тартылды

бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 67 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан әкімі Ермек Маржықпаевтың айтуынша, игерілген қаржының 73 пайызы кәсіпорындар, ұйымдар мен жекелей құрылыс жүргізушілер есебінен, 20 пайызы республикалық қаржыдан, 6 пайызы несие көздерінен, 1,3 пайызы жергілікті бюджеттен қарастырылған көрінеді. Осы уақыт аралығында 15 633 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, аудан орталығында, Жалтыркөл ауылында инженерлік инфрақұрылым ретке келтіріліп, Жібек жолы ауылында мектеп құрылысы қолға алынды. Сонымен бірге көлік тұрағы, сауда орындары салынып, озық технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету шешімін тапты. Өңір басшысының мәлімдеуінше, ағымдағы жылы республикалық бюджет есебінен Жібек жолы ауылындағы 600 орындық мектеп құрылысы аяқталып, облыстық бюджет есебінен Аршалыда 320 орындық білім ошағы іске қосылады. Раздольное-Байдалы су құбыры ретке келтіріліп, Қостомар ауылындағы мектепке күрделі жөндеу жүрзілімек.