Әртараптандыру жұмыстарын жүргізгенімізбен, ата кәсіптен қол үзбеуіміз керек - Қызылорда облысы әкімі

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін мал шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сараланды. Жиынға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Мүйізді ірі қара және түйенің саны салыстырмалы кезеңде артып отыр. Тиісінше, ет және сүт өндірудің де көлемі көбейген. Асыл тұқымды мал басын арттыру мақсатында субсидиялауға 1 367,4 млн. теңге бөлінді. Ветеринариялық салаға қолдау көрсетілуде. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дәуірбек Әбуов «Сыбаға», «Алтын асық», «Ырыс» және «Құлан» мемлекеттік бағдарламаларының жоғарғы деңгейде орындалып жатқандығын айтты.

Аймақ басшысы ұрықтандыру пунктерінің толық жұмыс жасамай тұрғандығын сынға алды. Тиісті сала басшыларына қолда барды тиімді пайдалануды қатаң тапсырды.

- Қазір әртараптандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ сонымен бірге ата кәсіптен қол үзбеуіміз керек. Сондықтан мал шаруашылығын ғылыми тұрғыда зерттеу қажет. Ы.Жақаев атындағы «Күріш ғылыми-зерттеу институтының» базасынан мал шаруашылығы бөлімі ашылды. Алдағы уақытта осы бөлімнің негізінде «Ғылыми-өндірістік орталық» ашу жұмыстары жүргізілетін болады, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Облыс басшысы әлі тоқмейілсуге ерте екендігін атап өтіп, қала, аудан әкімдеріне «Байқоңыр» ӘКК және сала мамандарына жұмыс қарқынын бәсеңдетпеу қажеттігін тапсырды. Әсіресе, барлық мал сою пункттері, ет және сүт өндіру зауыттары санитарлық талапқа сай болу қажеттігін ескертті.

Соңғы жаңалықтар