Артта қалған ауылдарды дамытуға қаржы салынуда

. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматылық «Алтын дала Агро Жетісу» фирмасы» ЖШС Ескелді ауданының Қапал ауылында озат әлемдік технологиялар негізінде егін шаруашылығын дамытпақ,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Серіктестік өкілі Денис Бисұлтановтың айтуынша, кешенді бағдарлама қазірдің өзінде әзір, онда адам факторынан бастап, жаңа ауыл шаруашылығы техникасы базасында егіншілік мәдениет көтеруге дейін бәрі ескерілген.  Озат технология ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруден оны өңдеуге дейінгі барлық үдерісті қарастырады. Сонымен қатар онда энергия және ылғал үнемдейтін технология да көзделген. Компьютермен жабдықталған ауыл шаруашылығы техинкасы Канадада жасалып, Қапалда құрастырылды.

Тағы бір атап өтетін жайт, жаңа кәсіпорын ауыл тұрғындарын қырық жұмыс орнымен қамтамасыз етті. Алдағы уақытта оның саны 150-ге дейін өсуі мүмкін.

Серіктестік бір жарым мың гектарға дәнді дақылдар екті. Алдағы уақытта астық бастыратын, макарон және нан-бөлке өнімдерін шығаратын өндіріс құрылмақ.  Мал шаруашылығын дамытып, ет өндірісін жолға қою да жоспарда бар.

Соңғы жаңалықтар