Артур Шушеначев «Ақтөбе» командасы сапына қосылды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық шабуылшы Артур Шушеначев «Ақтөбе» командасы сапына қосылды.

Артур Шушеначев «Ақтөбе» командасы сапына қосылды
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Тараз футбол мектебінің 27 жастағы түлегі мен клуб басшылығы ресми келісімшартқа қол қойды. Осы уақытқа дейін Артур Шушеначев отандық және шетелдік клубтар сапында ойнаған. 2024 жылы израильдік «Хапоэль Беэр-Шева», кейін ресейлік «Сочи» сапында доп теуіп келді. Оған дейін өз командасы «Таразда» ойнап, кейін біраз уақыт «Қайрат» сапында ойын көрсеткен.

Осы уақытқа дейін клубтық деңгейде барлығы 258 матчқа қатысып, 78 гол соққан.

Артур Шушеначев Қазақстан ұлттық құрамасында 7 ойынға қатысып үлгерді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Тұран» футбол клубынан бірден алты ойыншы кетті.

 

Соңғы жаңалықтар