Әртүрлі діндердің бейбіт қатар өмір сүруі мәселесін шешуде Қазақстан үлгі көрсетіп отыр - www.ots.at. жаңалықтар агенттігі

МАГДЕБУРГ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Юлия Чернова/ - «Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы» тұрақты айдар аясында ҚазАқпарат Австриялық католиктік www.ots.at. жаңалықтар агенттігінің мақаласын оқырмандар назарына ұсынады.
None
None
Қазақстан Республикасы әлемдік және дәстүрлі діндердің ІІІ съезіне дайындалуда, аталмыш шара шілденің 1-2-інде Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді. Тақырыптық топта, сондай-ақ, кеңейтілген отырыста жалпы құндылықтар, этикалық нормалар, өмір сүру және бірлескен қауіпсіздік мәселелері, дінаралық келіссөздерді одан әрі дамыту, әділдік және заңдылық мәселелері талқыланады.Әлемдік діндер съезі Қазақстанда үшінші рет ұйымдастырылып отыр (бұған дейін ол 2003 және 2006 жылдары өтті). Ол Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша, халықтар мен діндердің келісімін нығайту, батыс пен шығыс елдері арасына көпір жалғастығын орнату мақсатында ұйымдастырылды. Әртүрлі діндердің бейбіт тіршілік ету мәселесін шешуде Қазақстан үлгі көрсетіп отыр. Осы орталықазиялық республикада 40-тан астам діни қоғамдастық әрекет ететін болса, Қазақстан аумағында 130-дан астам түрлі ұлт өкілдері өмір сүреді. Ислам діни қоғамдастығы мен орыс православ шіркеуі елдегі ең ірі діни бірлестіктер болып табылады.
Соңғы жаңалықтар