Артық есептелген 907 млн. теңге тұтынушыларға қайтарылды - ТМРА

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Сыртқы ауа температурасының өзгеруіне байланысты артық есептелген 907 млн. теңге халыққа қайтарылды. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов осылай мәлім етті.
None
None

Агенттік төрағасының айтуынша, заңның орындалуын бақылау және тұтынушылардың құқығын бұзуға жол бермеу мақсатында былтыр 471 тексеру өткізілген. Соған орай, әкімшілік құқық бұзушылық істеріне қатысты 382 қаулы қабылданып, 205 млн теңгеден астам айыппұл өндіріп алынды. Сонымен қатар, агенттік төрағасының айтуынша, жылу беруші ұйымдар кейде сыртқы ауа температурасына байланысты жылуды ұқыпты түрде азайтып не көбейтіп отырғанымен, оның ақысын есептегенде «жаңылып» кетеді екен. Яғни, күн райының жылы болғанына қарамастан, тиісінше жылудың да төмен мөлшермен берілгеніне қарамастан, жылу беру кәсіпорындары бағаны өзгертпей келген.

«Соған орай сыртқы ауа температурасының өзгеруіне байланысты 2011-2012 жылдардағы жылу беру маусымындағы төлемақылар қайта есептеліп, халыққа 907 млн. теңге қайтарылды»,- деді агенттік төрағасы.

Соңғы жаңалықтар