Аружан Сағындықова Тайландта өткен турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова (WTA рейтингінде 1159-орын) Накхонситаммаратта (Таиланд) өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
18 жастағы қазақстандық теннисші ресейлік Анна Седышевамен (рейтингте жоқ) кездесіп, оны екі сетте – 6:1, 6:3 есебімен жеңді. Сағындықованың келесі қарсыласы турнирге үшінші нөмірмен түскен израильдік Николь Хирин (684-орын) болады.
Накхонситхаммараттағы «челленджердің» жүлде қоры 15 000 долларды құрайды.
Бұған дейін Тайландта өткен «челленджерде» Аружан Сағандықова жартылай финалға шыққан болатын.