АРВ-терапияға мұқтаж барлық балалар 2011 жылы түпнұсқалық дәрілермен толық көлемде қамтамасыз етіледі - Денсаулық сақтау министрлігі

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 2006 жылы ВИЧ инфекциясының (Адамның иммундық тапшылығы вирусының) ошағы анықталғаннан бергі аралықта 218 баланың 58-іне қатерлі вирустың (ЖҚТБ) 4 сатысында бастапқы диагностика жасалған.
None
None

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Арнаулы антиретровирусты (АРВ) терапия енгізілгеннен кейін Адамның иммундық тапшылығы вирусының дертіне шалдыққан бірде-бір баланың клиникалық және зертханалық көрсеткіштері нашарламаған. Денсаулық сақтау министрлігі атқарған шаралар барлық мұқтаж балаларды түпнұсқалық дәрілермен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті көлемде.

АРВ-терапияға мұқтаж барлық балалар 2011 жылы түпнұсқалық дәрілермен толық көлемде қамтамасыз етіледі.

Соңғы жаңалықтар