18:17, 02 Желтоқсан 2009 | GMT +5
«Арыс-2» теміржол вокзалы ашылды
ШЫМКЕНТ. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстанда «Арыс-2» теміржол вокзалы ашылды.
Ол негізгі «Арыс-1» стансысының жұмысын жеңілдетеді және осы магистраль бойынша пойыздардың қозғалыстарын жеделдетеді.
Екінші стансының жаңартылған вокзалында жолаушыларға арналған зал, касса және диспетчерлік қызмет жабдықталған. Медициналық пунктке және желілік ішкі істер бөліміне арналған үй-жай даярлануда.