Арыс қаласы әкімдігінің ғимаратынан бомба ізделді

ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Арыс қаласының әкімдігі ғимаратынан бомба ізделді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
None
None

Ведомствоның атап өтуінше, кеше кешкі сағат 21:07-де «102» пультіне Арыс қаласы әкімдігінің ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы ақпарат түскен. Арнайы жүргізілген іс-шара барысында жарылғыш зат табылған жоқ.

Төтенше жағдайдың алдын алуға шұғыл әрекет ету қызметі, оның ішінде ҚР ТЖМ ОҚО төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 14 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар