03:20, 24 Қараша 2015 | GMT +5
Арыс қаласында жол жиегінен граната табылды - ОҚО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Арыс қаласында жолдың жиегінен граната табылды. Оны жергілікті тұрғын байқап қойыпты.

22 қараша күні Арыстағы полицияның кезекші бөліміне 47 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып, «Арыс-Шардара» тас жолының шетінен гранатаға ұқсас затты көргенін хабарлайды. Тез арада ол жерге полицейлер мен жергілікті әскери бөлімінің саперлары келді. Аумақты қоршап, тексерген мамандар гранаттың Ф-1 оқу-жаттығу құралы екенін, зияны жоғын анықтайды. Қазір аталған факті бойынша қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, біреуге беру және заңсыз сақтауға байланысты қылмысты іс қозғалды. Сараптама тағайындалған, деп хабарлайды otyrar.kz.