Арыста шегірткеге қарсы күрес жұмыстары қарқынды жүргізілуде (ФОТО)

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Арыс қаласы бойынша зиянкес шегірткелерге қарсы іс-шаралар қызу жүруде, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

«Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ ОҚО филиалы мамандары Арыс қаласында 10,5 мың га алқапта мониторингтік анықтау-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жергілікті саяқ шегірткесінің 5,9 мың га аумақта таралғанын анықтаған. Зиянкестердің экономикалық зиянды шегінен асқаны 5,5 мың га.

Қазіргі таңда жергілікті саяқ шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 8 жерүсті техникасымен 4,7 мың га, 1 газогенератор аппаратымен 0,8 мың га, жалпы 5,5 мың га аумақта жүргізілді. Жұмыстарды ұйымдастыруға 20 қызметкер атсалысты.

Ал аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы 17,1 мың га жерге 10 дана жерүсті агрегатымен - 10,1 мың га, 1 жеңіл ұшақпен - 7,0 мың га алқапта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Әдістемелік орталық мамандары Марокко шегірткесіне қарсы 170,0 мың га алқапта мониторингтік анықтау-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 17,1 мың га ЭЗШ-нен асқаны анықталды.

Мониторингтік анықтау-зерттеу жұмыстарына 21 анықтаушы, 10 маман, 2 қызметтік автокөлік жұмылдырылды.

null null  

 

Соңғы жаңалықтар