Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің іскерлік беделін сот арқылы қорғауға бел буды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 шілде күні әлеуметтік желіде таралған мәселе бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құқығы мен мүддесін адвокат Ескендір Әлімбаев сот арқылы қорғайтын болады.
None
None

 Министрлік осыған байланысты адвокаттың мәлімдемесін таратқан болатын.

«Маған, Алматы қаласының адвокаттар алқасының адвокаты Ескендір Әлімбаевқа, заңда белгіленген тәртіппен, Мұхамеди Арыстанбекұлының құқығы мен мүддесін қорғау тапсырылды. Адвокаттық өкілеттіктер аясында, БАҚ өкілдеріне мынадай мәлімдеме таратқым келеді. 

Интернет желілерінде 12 шілде 2016 жылы бірқатар мазмұндағы бейнероликтен тұратын материал пайда болды (немесе осы роликке сілтемелер де интернетте жүр), онда өзін режиссер Талгад Жаныбеков ретінде таныстарған азамат, Мәдениет және спорт министрлігіне және сол ведомство басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты расталмаған мәліметтер таратқан. Бұдан бөлек, роликте Мұхамедиұлының заңсыз әрекетін «қорғаштаған» сыңай танытқан Қазақстан Республикасы «биліктері» қызметіне жағымсыз баға беріліп отыр.  Аталған материалдағы бейнероликке қысқаша мазмұндама берілген. Онда Т. Жаныбеков қазіргі күні «Феникс» атты көркем фантастикалық фильм түсіріп жатқанын, алайда оның өндірісі А. Мұхамедиұлының кінәсінен заңсыз «тоқтатылғанын» айтады. Бұдан бөлек, азамат Т. Жаныбеков Қазақстан Республикасының сот билігінің қызметіне де күмән келтіріп, соның ішінде соттар «...қарапайым бір шуылдақ балағанға ұқсайды. Мен мұның бәрі қалай жасалатынын түсінемін, оның бәрі қоңыраулар арқылы жүзеге асады» деп атап өтеді. Бұдан бөлек, Т. Жаныбеков «біз бірқатар құжаттарды ашық көрсетеміз, бұнда ұрлық жасалып жатыр, соның ішінде бұл ұрлыққа Серік Жұбандықов, Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысы бар...» деп мәлімдейді. Бұдан бөлек, роликте басқа да сенімсіз ақпараттар таратылған. Осыған байланысты Т. Жаныбеков таратқан мәліметтер, оның Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарына және Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қызметіне берген бағасы шындыққа жанаспайтынын растаймыз. А. Мұхамедиұлының өзі заңмен белгіленген тәртіп аясында өзінің бұзылған құқықтарын сот арқылы қалпына келтіруге ниетті», - деп мәлімдейді адвокат.

Оның айтуынша, жақын аралықта министр А. Мұхамедиұлы заңда белгіленген тәртіппен өзінің ар- намысын, іскерлік беделі мен абыройын қорғауға, сонымен қатар, сенімсіз жалған ақпаратты таратқан тұлғаны жауапқа тартуға бағытталған шараларды қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар