13:12, 19 Шілде 2019 | GMT +5
Арыстанғани Заппаров ІІМ орынбасары болып тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының Өкімімен Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне Арыстанғани Расылханұлы Заппаров тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тағы бір Өкімімен Махамбет Хайыржанұлы Абисатов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.