Арзан азық-түлікті қайдан алуға болады: мекенжайлар

АСТАНА. KAZINFORM - Алдағы демалыс күндері елде дәстүрлі түрде 20-дан астам ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Жәрмеңкелер Ішкі сауда ережелеріне сәйкес өтеді.

Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

Аталған ереженің 166-тармағына сәйкес жәрмеңкедегі басым орындар жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілеріне беріледі.

Жәрмеңкелерде көкөністер, жемістер, ет және сүт өнімдері және басқа да тауарлар ұсынылады.

Астана қаласында, 21-22 желтоқсанда Н.Тілендиев, 12а мекенжайы бойынша дәстүрлі түрде «СоғымFest» өтеді.

Алматыда, 21-22 желтоқсан, келесі мекенжайлар бойынша:

Гоголь-Масаншы (Алмалы ауданы

Ш / а. Қазақфильм (Бостандық ауданы)

Абай-Өтеген батыр (Әуезов ауданы)

Меңдіқұлов — Бектұров (Медеу ауданы)

Талдықорған — 21 желтоқсан, Қонаев 22, «Жастар» спорт сарайы.

Шымкентте, 21 желтоқсан — Мәделі Қожа 1 мекенжайы бойынша және «1000 мелочей» базары маңында.

15 желтоқсан — Нұрсат, 7/1.

Көкшетауда, 21 желтоқсан — Сүлейменов, 2Д (Жібек Жолы базары) мекенжайы бойынша.

Павлодарда, 21 желтоқсан күні Jailau фермерлік базарында, Торговая 2а.

Семейде, 21 желтоқсан — Северный промузел, 2 (Северный СОО) мекенжайы бойынша.

Өскемен — 21 желтоқсан, Жібек жолы 44, «Алтай» көтерме сауда базары.

Ақтөбеде «ТАБЫС» коммуналдық базарында, 21 желтоқсан.

Орал қаласында, 21 желтоқсан, Ихсанов көшесі және Жәңгірхан 52Б мекенжайлары бойынша өтеді.

Қарағандыда, 21 желтоқсанда — 134-ші есептік тоқсан, «Global city» СОО мекенжайы бойынша.

Қызылордада, 21 желтоқсан, Тасбөгет кенті орталық алаң және Ә.Қашаубаев пен Жетікөл көшелерінің қиылысы.

Петропавлда — «Алтын Арман», «Дария», «Қызыл Жар-Ақбастау» базарларында — әр сенбі сайын.

Түркістанда «Қуаныш», «Алтынбұлақ» базарларында — әр сенбі және жексенбі күндері.

Жезқазғанда, 21 желтоқсан — Некрасов 12 мекен-жайы бойынша, орталық базар.

Атырауда әр сенбі сайын, желтоқсан айының соңына дейін — «Мұнайшы» стадионының алдында, Әуезов, 28а.

Ақтауда, ертең, 21 желтоқсанда, облыстық аурухана алаңының алдында, 26 ш / а.

Соңғы жаңалықтар