Арзан дизельдік отынның бағасы қызыл түспен белгіленеді

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Павлодар мұнай химия зауытында өндіріліп, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізетін аграрлық сала өкілдеріне арзан бағамен сатылатын дизельдік отынды қызыл түспен белгілеу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы аталған мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Baq.kz хабарлайды.
None
None

Қызыл түсті белгі салынған ыдыстағы жанармайды бөлшек саудада қайта сатуға қатаң тыйым салынады. Мемлекеттің қолдауымен саудаланып жатқан мұндай дизельдік отын құны 80 теңге. Ал жанармай құю станцияларындағы бағасы литріне 102 теңгені құрап отыр.
Көктемгі егіс науқанында «ПМХЗ» бөліп отырған арзандатылған бағадағы жанар-жағармайдың көлемі 160 мың тонна ғана екен. Зауыт осы жылдың қаңтар айында аталған кәсіпорын 492 мың тонна мұнай өңдесе, ақпан айында 330 мың тоннамен шектелген.
Сондай-ақ, екі ел арасындағы Үкіметтік келісім өз күшінде және Ресейден келетін мұнай уақытылы жеткізілуде деп атап өтті баспасөз өкілдері.

Соңғы жаңалықтар