Арзан үй алып беремін: Қызылордада танысынан 17 млн теңге алдап алған әйел ұсталды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада танысын арзан бағамен үй алып беремін деп алдап, одан 17 млн теңге жымқырған күдікті әйел қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдікті әйел Қызылорда қаласында арзан бағамен үй алып беремін деп танысын алдаған. 48-жастағы әйел 2020 жылдың маусым және тамыз айларында жәбірленушіге Қызылорда және Алматы қаласынан үй алып беремін деп сеніміне кіріген.

«Осылайша алаяқтық жолмен 17 млн теңге көлемінде ақша қаражатын иемденіп алған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті азаматша Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада патруль полициясының көлігі ағашқа соғылды.

Соңғы жаңалықтар