Аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай әлем чемпионатын сәтті бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады.

Айбек Оралбай
Фото: Сали Сабиров/Қазақстан ҰОК

Жерлесіміз 90 келіден жоғары салмақтың 1/8 финалында түркиялық Мусахит Илиаспен өзара мықтыны анықтады.

ҚР ҰОК мәліметінше, Айбек Оралбай алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Нәтижесінде отандасымыз 5:0 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының өкілі Сабыржан Аққалықов бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберді.

Бейбарыс Жексен бокстан әлем чемпионатында үндістандық қарсыласын жеңді.

Аида Әбікеева 1/4 финалға өтті.

Сағындық Тоғамбай бокстан әлем чемпионатында ширек финалға шықты.

Төрехан Сабырхан бокстан әлем чемпионатында екінші жеңісіне жетті.

Гүлсая Ержан бокстан әлем чемпионатында ¼ финалға өтті.

Соңғы жаңалықтар