13:44, 23 Қаңтар 2013 | GMT +5
Аса ауыр дене жарақатын салу, героинді сақтау фактілері үшін іздеуде болған азамат РФ-дан экстрадицияланды
ОРАЛ. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - 1993 жылдың 22 қаңтарындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар және құқықтық көмек туралы конвенция (Минск конвенциясы) аясында РФ Бас прокуратурасы БҚО құқық қорғау органдарына О.Князевті қайтарды.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, прокуратура органдары аталған шарана Н. деген азаматқа ауыр дене жарақаттарын келтіргені және аса ірі мөлшердегі есірткі затын (героин) өткізу үшін заңсыз сақтағаны үшін Князевті қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында жүзеге асырды.
О.Князев 2012 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарынан жасырынып, оның мекен-жайының анықталмауына байланысты іздеу жарияланған болатын, 2012 жылдың желтоқсан айында Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары оны Орынбор облысында қолға түсірді.