Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Минскіде қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің (8-0, 7 КО) жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

30 жастағы қазақстандық аса ауыр салмақтағы босшы Босния және Герцеговинадан келген Срджан Говедарицамен (6-6, 5 КО) айқасты. Оның бойы екі метрді құрайды. Алты раундқа есептелген айқас Кособуцкийдің жеңісімен аяқталды. Ол қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді. Осылайша, Жан кәсіби рингтегі тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді. Оның ішінде сегіз жекпе-жекті нокаутпен аяқтаса, Говедарица кәсіби мансабында сегізінші рет жеңілді.

Кособуцкий мұның алдындағы айқасын да 29 қарашада Минскіде өткізген еді. Ол екінші раундта жергілікті боксшы Александр Нехайчикті (1-4, 0 КО) техникалық нокаутпен жеңді.

Соңғы жаңалықтар