Аса ірі «Богатырь» көмір разрезі 8 айдың қорытындысын шығарды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - «Богатырь Көмір» (Екібастұз) разрезі тұрақты режімде жұмыс істеуде,
None
None

 деп хабарлайды кәсіпорынның баспасөз қызметі.

 Қыркүйекте Қазақстанның және Ресейдің электр стансыларына күн сайын 23 эшелон отын жөнелту жоспарланған. Биылғы жылы еліміздің аса ірі разрезі 33 млн. тонна көмір сатуға ниеттеніп отыр.

Жыл басынан бері «Самұрық-Энерго» қазақстандық бірлескен кәсіпорны мен «РусАл» ресейлік компаниясы өздерінің тұтынушыларына 20,2 млн. тонна көмір сатты - бұл 2008 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда үш есе аз.

Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2 сияқты ірі отын тұтынушыларының қуаттылығының қысқаруына байланысты ішкі энергетикалық рынокқа қаңтардан бастап отын жеткізіп беру 10,8 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 22,8 пайызға аз. Қазақстанның коммуналдық-тұрмыстық рыногына отын жөнелту азайған жоқ, ол -1,1 миллион тонна.

Соңғы жаңалықтар