Әсел Қанай Азия ойындарының жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық каратэші Әсел Қанай Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жартылай финалға жолдама алды. Бұл туралы ҰОК мәлім етті.

Әсел Қанай Азия ойындарының жартылай финалына шықты
Фото: ҰОК

61 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан спортшы ширек финалда моңғолиялық Маралжинго Пуревжавты 9:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді. 

Әсел Қанай жартылай финалда Камбоджа өкілі Чакрия Ваннмен кездеседі. 

Айта кетейік, Санжар Әділов Азиадада аралас жекпе-жектен қола алды.

ХХ жазғы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінің нәтижесіне сай, Қазақстан құрамасы жалпы есепте төртінші орында келе жатқанын жазған болатынбыз.

Бүгін Ксения Игнатова Азия ойындарында үздік бестіктен көрініп, финалға жолдама алды.