Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Әсел Жанасованың жаңа қызметке тағайындалғанын хабарлады.
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген ресми құжатта.
Еске салайық, ол биылғы маусым айынан бері ҚР Президентінің кеңесшісі қызметін атқарып келген.
Айта кетейік, Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында туған. Кембридж университетін бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы «ENRC Kazakhstan» өндірісті автоматтандыру және байланыс департаментінің ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы болып бастады.
2016-2017 жылдары — «Зерде» ҰБХ» АҚ басқарма төрайымы.
2018-2020 жылдары — «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры.
2020-2022 жылдары ҚР сауда және интеграция вице-министрі болды.
2022-2025 жылдар «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы лауазымын атқарды.