Әсем Ережеқызы республикалық ақындар айтысының бас жүлдесіне ие болды

Өткен аптада Өскемендегі Металлургтер мәдениет сарайының сахнасында Шығыс Қазақстан облысының 80 жылдығына арналған облыс әкімінің сыйлықтарына өткізілген үш күндік ақындар айтысының жабылу рәсімі өтті.
Бірінші орынды талдықорғандық Балғымбек Имашев иеленді. Оған сондай-ақ «Lada Samara» көлігінің кілті табысталды.
Талдықорғаннан келген тағы бір ақын Жандарбек Бұлғақов екінші орыннан көрініп, 600 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды.
Павлодарлық Аспанбек Шұғатаев үшінші орынды қанағат тұтып, 400 мың теңгелік сыйақыны алды. Астанадан келген Мейірбек Сұлтанхан арнайы сыйлыққа ие болды, оған 200 мың теңге қосымша табысталды.
Барлық жеңімпаздарды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтады. Өз сөзінде ол республикалық ақындар айтысының әрбір қатысушысының үлесін жоғары бағалады.