Әсем Қашқынбекова «Тілдарын - 2013» республикалық олимпиадасының бас жүлдегері атанды

АЛМАТЫ. 7 қараша. ҚазАқпарат - Алматыдағы М. Мақатаев атындағы № 140 мектеп-гимназиясының оқытушысы Әсем Қашқынбекова Бурабайдағы «Тілдарын-2013» республикалық олимпиадасынан олжалы оралды. ҚР Тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен додада Алматы қаласының намысын қорғады.
None
None
«Ол бұған дейін қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген 18-25 жас аралығындағы үміткерлер арасында өткен қалалық олимпиадада І-ші орын алған болатын. Онда жастардың тілдерді меңгеру деңгейіне, білікті аударма жасауына, жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігіне мән берілді. Таңдаған тақырып бойынша тұсаукесер өткізу, берілген тақырыпқа эссе жазу, берілген мәтінге ілеспе аударма жасау кезеңдерінен тұратын сайыста Ә.Қашқынбекова жеңімпаз атанды», - дейді Алматы қалалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқарманың бас маманы Қымбат Нұрсұлтанқызы. Оның айтуынша, 7 үміткердің ішінен үздіктер ашық дауыс беру арқылы анықталды. М. Мақатаев атындағы № 140 мектеп-гимназиясының оқытушысы Әсем Қашқынбекова, Халықаралық бизнес академиясының оқытушысы Салтанат Құдайбергенова және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің мұғалімі Жаннұр Манапбаева 1-3 орынды өзара бөлісті.
Соңғы жаңалықтар