Әсет Исекешев 2015 жылдың қорытындысы бойынша ҚР ИДМ-ның «10 ісін» ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев былтырғы жылдың қорытындысы бойынша ведомствоның «10 ісін» ұсынды.
None
None

«Кез келген басшы секілді мен де үдерістердің тиімділігіне нақты бақылау жүргізуге тырысамын. ИДМ-да бізге екпінді болуға және алға қойылған міндеттерді орындауға мүмкіндік беретін бірқатар құралдар бар. Былтырғы жылдың қорытындысы қаңтар айының аяғында жасалғанына және оның барлығы бойынша есептер жасалып жіберілгеніне қарамастан, біз жетекшілік ететін салалардағы жұмыстардың нәтижелерінің қызықты тұстарын жариялау жөнініде шешім қабылдадық. Әрине табыстар мен қатар сәтсіздіктер де бар, біз олармен жұмыс істеудеміз және ол жөнінде әңгімелейміз. Ал әзірге 2015 жылдың «10 ісін» алғаш рет ұсынуға рұқсат етіңіздер. Бұл іс жалғасын табады!», - деп жазды Ә. Исекешев өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

1. «Эйр Астана» авиакомпаниясынан ЕО-ның барлық елдеріне ұшуларға шектеулер алынып тасталды (ЕО ұшуларының қауіпсіздігі бойынша жаңартылған тізіміне сәйкес).

2. Орал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы (ҰҚЖ) қайта қалпына келтірілді. Ұшу-қону алаңы 400 метрге ұзарып, ені 3 метрге кеңейді. ҰҚЖ халықаралық стандарттар талаптары бойынша жарықбелгі құрылғысымен жабдықталған. Әуежайдың электрмен қамтамасыз ету жүйелері сенімділіктің 1-ші санатына дейін жоғарылатылды. Сонымен қатар, әуежайда әуежайдың авариялық-құтқару қызметтері үшін арнайы ғимарат жұмыс істей бастады. Ұшақтың дәлдікпен қонуының жаңа схемасы Орал қаласы әуежайына нашар көріну жағдайында әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді (ұшу-қону жолағының көріну қашықтығы 550 метрден кем болмағанда, бұлттардың төменгі шекарасы 60 м болғанда қону метеоминимумы болады).

3. Петропавл қаласы әуежайы ҰҚЖ-ысын қайта қалпына келтіру жұмысы басталды. ҰҚЖ жабындысы асфальтбетонмен күшейтілді, бұрылу жолы мен әуежай перроны толық қайта қалпына келтірілді. Дренаждық жүйесінің магистральдік желісін орнату жөніндегі жұмыстар аяқталды, жарық белгі жүйелері және басқа материалдар сатып алынды. Жобаны іске асыру әуежайды ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкестендіруге, ұшу қауіпсіздігін және қызмет көрсету сапасын арттыруға, сондай-ақ жаңа үлгідегі әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді.

4. Тараз қаласы әуевокзалы қайта қалпына келтірілді (әуежайдың меншік иесінің қаржысы есебінен). Әуевокзал заманауи құрылғымен жабдықталған, ол қызмет көрсету уақытын біршама азайтады, сондай-ақ жолаушылар айналымын (жылына 25 мыңнан 75 мыңға дейін) және рейстер санын (1200-ден 2500-ға дейін) арттыруға мүмкіндік береді.

5. Астана қаласы әуежайының жолаушылар терминалын қайта қалпына келтіру басталды. Жобада қолданыстағы жолаушылар терминалын кеңейту және оның өткізу қабілетін сағатына 750 жолаушыдан сағатына 1 750 жолаушыға немесе жылына 7 млн жолаушыға жеткізуді қарастырады. Қазір іскерлік авиациясы үшін жаңа перрон құрылысы жөніндегі жұмыстар аяқталды, аумағы 40,0 мың шаршы метр әуежайдың жаңа терминалының құрылыс жұмыстары басталды, ол ЭКСПО-2017 халықаралық көрме қонақтары мен қатысушыларына жайлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Жобаның аяқталу мерзімі - 2017 жылдың наурыз айы.

6. 8 халықаралық әуе бағдары ашылды (Астанадан Париж, Сеул, Дубай, Тбилиси, Қазанға, Атыраудан Минеральные Воды қаласына, Қызылордадан Мәскеуге, Алматыдан Минскіге). Халықаралық әуебайланыстардың ашылуы Қазақстан ұшуларының жағрапиялық ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді, әлемнің жетекші қаржы орталықтарына тұрақты әуе байланысты ашады, әуе байланыстарын кеңінен таңдау мүмкіншілігі тұрғындар үшін қолайлы.

7. Еуропалық стандарттар мен талаптарды кезеңмен енгізу аясында Британ азаматтық авиация агенттігімен өзара іс-қимыл жасасу басталды («100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау бойынша). 2015 жылдың 3 қарашасында Лондон қаласында ҚР Инвестициялар және даму миинистрлігі мен Британ азаматтық авиация агенттігі арасында өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды (UKCAA International Ltd). Аталған меморандумды орындау үшін 2015 жылдың 7-11 желтоқсаны аралығында комитет жұмысымен танысуға және қызметін талдау мақсатында, сондай-ақ ұсынымдар әзірлеуге және атқарылған жұмыстар жөнінде есеп жасауға UKCAAi мамандары Қазақстанға сапармен келді. Есеп пен ұсынымдар берілгеннен кейін UKCAAi-мен ынтымақтастықтың келесі қадамдары анықталады.

8. Асфальтті- және цементтібетонды жабындымен 595 км жолдар салынды және қалпына келтірілді, оның I-техникалық санттағысы (4-6 жолақты) - 294 км және II-техникалық санаттағысы (2 жолақты) - 301 км. (Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы және «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында)

9. Батыс Еуропа-Батыс Қытай жобасы бойынша 144 км жол айдалануға берілді:
- «Тараз қаласы айналма жолы» - 65 км. Учаске Тараз қаласын айналып өтеді;
- «Шымкент-Жамбыл облысының шекарасы» - 43 км. Шымкент қаласы - Ынтымақ кенті - Жібек жолы кенті - Келте Машат кенті айырымынан Жаскешу кентіне дейін;
- «Ташкент-Шымкент» - 36 км. Шымкент қаласы - Ақтас кентінен Қыдырмамбет кентіне дейін.
10. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингінде «Жол сапасы» индикаторы бойынша Қазақстан 4 сатыға 113-тен 107-ші орынға көтерілді.

Соңғы жаңалықтар