Әсет Исекешев Астана көшелеріндегі экоэнергия нысандары жайлы видео жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Әсет Исекешев Фейсбуктегі өз парақшасында  «жасыл энергия» - күн мен желдің көмегімен телефондардың қуатталатындығы түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Астанадағы халықаралық мамандандырылған көрме -«Жасыл энергия» тақырыбына арналғандықтан, елорда көшелерінде күн панелдері мен жел генераторлары орнатылуда.

Мысалы, видеолардың бірінде -Оқушылар сарайында Тәуелсіздік даңғылы мен Бауыржан Момышұлы көшесінің қиылысында күн панелі орнатылған жарты киіз үй бейнесіндегі күрке, сандық бар, жел генераторы да осылардың қатарынан орын алған. Бұл маңайдан өтіп бара жатқан жандардың қажет болса, ұялы телефондарын қуаттандырып алуларына болады.

Сондай-ақ екінші бір видеодан панелдер орнатылған орындықтарды, елорда әкімдігі алдындағы «Астана Віке» велосипедті жалға беру бекетінде де күн энергиясымен жұмыс істейтін құрылғыларды көруге болады.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Көрмеде «жасыл экономика» төңірегіндегі инновацияларды және ғылыми жетістіктермен танысуға, сондай-ақ әлем халықтарының мәдениетімен сусындауға, Болашақ музейін көруге болады.

Осы арада айта кетер жайт, Астанада жаңғырмалы энергия көздерінің 18 түрі пайда болмақ.

 

Соңғы жаңалықтар