Әсет Исекешев астаналықтың үй кіреберісін жайлы ету туралы бастамасын мақтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі елордалық тұрғынның үйлердің кіреберістерін ыңғайлы да жайлы ету туралы  ұсынысын өте тамаша бастама деп атады.  
None
None

Әсет Исекешев Фейсбукте Зиаш Аилбекованың , Астана, мақтағым/жамандағым келеді тобына салған ақпаратын атап өтті.

«Өзімізден бастайық» акциясын ұсынбақпын. Ұдайы парақшалардан алаңша лас, көршілер қоқыстарын тастайды деген шағымдарды оқимын.  Бәрі сүреңсіз жағдайлар туралы. Енді міне, мамыр мерекелері қарсаңында парақшаға оңды жайтты жазғым келеді. Біздің алаңшада 4 пәтер бар, олардың иесі өзіміз. Күйеуім екеуміз видеокамера қойдық, гүл салынған  вазалар және картиналар ілдік. Керемет болды. Өзге қабаттағы тұрғындардың бәрі алаңшадағы жағдайға басқаша қарай бастады. Түкіруді, қоқыс тастауды тоқтатты. Ендеше, егер  әркім өзінен бастайтын болса, бәрі өзгермек. Кәнеки, өзімізден басталық, сонда ғана барлық жерде ТӘРТІП болады»,- деп жазды астаналық әйел. 

Соңғы жаңалықтар