Әсет Исекешев сауданы қалай дамытады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев сауданы дамыту жоспарлары жайында айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Қала тұрғындары үшін барлық қызметтер қолжетімді болуы қажет. Соның ішінде сауда орындары да ыңғайлы жерде орналасуы шарт. Сол себепті біз қазіргі базарларды қайта құру жұмысын бастап кеттік. Астана бойынша 25 базар бар. Биыл жетеуі қайта құрылады. Қалғанын екі жылдың ішінде аяқтаймыз. Бұдан бөлек, жаңа базарлар мен гипермаркеттердің құрылысы басталды. Сосын біз "шағын бизнеске арналған мың орын" деген жобаны қолға алдық. Аталған орындар барлық жерлерде орналасқан. Осы уақытқа дейін 600-ден астам орынды таратып бердік. Енді, аукционның келесі кезеңін бастаймыз. Оны блокчейннің негізінде өткіземіз. Сонда ашықтық болады", - деді Ә.Исекешев "World of Trade 2018" Халықаралық конвенттің ашылу рәсімінде.

null Әкімнің айтуынша, бүгінде Астана кәсіпкерлер қаласына айналып келеді. Елорда экономикасының 60 процентін шағын және орта бизнес құрап отыр. 100 мыңнан астам кәсіпкер тіркелген. Олардың үштен бірі саудамен айналысады. Электронды сауда жүйесі де дамып келеді.

null "Бізде бірнеше сауда-логистикалық терминал салынды. Осы жұмысты жалғастыратын боламыз. Негізгі мақсат - Астананы сауда-саттық xабына айналдыру. Мәселен, Қазақстанға күн сайын AliExpress арқылы 70 мың сәлем-сауқаттар келеді. Соның 20 проценті Астанаға жеткізіледі. Сөйтіп, осы жақтан басқа аймақтарға таратылады. Қазір электронды сауда саласында 54 компания тіркелген. Бұл тек басы ғана. Аталған сала жыл өткен сайын кеңейетін болады", - деп атап көрсетті Ә.Исекешев.

Айта кетейік, бүгін Астанада "World of Trade 2018" Халықаралық конвент басталды. Жиынға саудагерлер, тауар өндірушілер мен ритейлерлер келді. Негізгі мақсат - сауда-саттықтың тың жолдарын анықтау.

Соңғы жаңалықтар
Референдум