Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің жалақысы қашан өсетінін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мұғалімдердің жалақысы келесі жылдан бастап көбейеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалақыны көтеру үшін заң қабылдау қажет. Заң осы жылдың ішінде қабылданады деп үміттенеміз. Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары бұл жайында айтты да. Сондықтан көпшілігі заңның қабылдануына байланысты болады. Дегенмен біз негізгі өзгерістер келесі жылдан басталады деп жоспарлап отырмыз»,- деп жауап берді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Тамыз конференциясында алдағы 4 жылдың ішінде мұғалімдердің еңбекақысын 2 есеге өсетіндігін мәлім етті.

Ал ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін «Мұғалім мәртебесі туралы» заң қабылданатындығын айтты.


Соңғы жаңалықтар
telegram