Асхат Аймағамбетов орынбасарына қылмыстық іс қозғалды деген дақпыртқа қатысты жауап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов орынбасарына қылмыстық іс қозғалды деген дақпыртқа қатысты жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Бұл ақпаратты сол мемлекеттік органның өзінен анықтау қажет. Біз ресми хабарлама алған жоқпыз. Сондықтан, меніңше бұл мәселеге тиісті мемлекеттік органның түсініктеме бергені дұрыс болар», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Асхат Аймағамбетовтің нақтылауынша, барлық орынбасары бүгін жұмыс орнында болды.

«Рүстем Айдарбекұлына (Биғари) қатысты мұндай ақпарат естіген емеспін. Бүгін ол жұмыс істеп жатыр. Кінәлі еместігінің анық-қанығына жету қажеттігін атап өткім келеді. Долбар жасау, орынбасарлардың бірі болуы мүмкін күдіктену дұрыс емес», - деді ол.

Сонымен қатар ол факті нақтыланған жағдайда ғана сөз қозғауға болатындығын айтты.

«Нақтыланған ақпарат болып жатса, әрине, біз сіздермен бұл жайында сөйлесе аламыз. Алайда, дәл қазіргі жағдайда әріптестерімнің барлығы да жұмысында. Әріптесім жайлы, оның күдікке ілінгені немесе ұсталғаны туралы ресми мәлімет алған жоқпыз», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар