Асхат Аймағамбетов шағын жинақты мектептер проблемасын атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шағын жинақты мектептердің мұғалімдеріне жалақы төлеу тетігі өзгертіледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы орта білім бойынша қашықтан оқыту платформаларының мүмкіндігін арттыру тапсырмасын бергенін білесіздер. Біркелкілендіру, ортақ талаптар қою бойынша жұмысты бастап кеттік. Ары қарай бұл жұмысты жалғастырып, тиісті деңгейде орындайтын боламыз. Ұстаздардың жалақысы бойынша қаржы бюджетте қарастырылды және 1 қаңтардан бастап беріледі деп отырмыз. Осы жылдың қыркүйек айының өзінде ұстаздардың дәптер тексеру бойынша үстемеақысы 2 есе көбейді. Сонымен қатар ұстаздардың сынып жетекшілігі үшін алатын үстемеақысы да екі есе арттырып отыр»,- деді министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биыл магистратура бітірген ұстаздарға магистрлік деңгейіне сәйкес айына қосымша 27 мың теңгеден алатын болады.

«Мемлекет басшысы ауыл, қала мектептерін дамыту, әсіресе жалпы білім беруді дамыту бойынша тапсырма берді. Бұл тапсырманы орындау үшін тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Ең алдымен шағын жинақты мектептерге қатысты. Оларда бірнеше проблема бар. Біріншісі - ұстаздардың жетіспеушілігі, екіншісі - материалдық-техникалық базасы, білім деңгейі. Сондықтан осы тұрғыда жұмыс жүргіземіз. Еңбекақы төлеу тетігін өзгертеміз. Ұтқыр мұғалім, интернат салу, әдістемелік көмек, оқыту жұмыстары, жалпы материалдық-техникалық базаны жаңарту бойынша іс-шаралар қабылданады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар