Асхат Оразбек қызметінен босатылды

АСТАНА. KAZINFORM – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек лауазымынан босатылды. Бұл туралы аталған ведомствоның ресми өкілі мәлім етті.

Асхат Оразбек қызметінен босатылды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

- Асхат Оразбек өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты вице-министр лауазымынан босатылды, - деп хабарлады ресми өкіл.

Айта кетсек, Асхат Оразбек Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрінің орынбасары қызметіне 2019 жылы 6 сәуірде тағайындалды.

Асхат Оразбек 1976 жылғы 13 сәуірде Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1995 жылы Білім және ғылым министрлігінің Қолданбалы математика институтында инженер болып бастаған.

Әр жылдары Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттандыру бөлімінде сектор меңгерушісі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдинг» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Транстелеком» АҚ секілді мекемелерде басшылық лауазымдарды атқарған. 2017 жылғы ақпан айынан бастап Қазақстандағы блокчейн және криптотехнологияларды дамыту қауымдастығының вице-президенті болған.

Соңғы жаңалықтар