Асхат Шахаров Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «80 алғыс сөз» атты челленджді қолдады

АСТАНА. KAZINFORM - Ақтөбе облысының әкімі Facebook әлеуметтік желісінде жазба жариялады.

Ұлы Жеңіске 80 жыл
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

- Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «80 алғыс сөз» атты челлендж жарияланғанынан хабардармын. Шындығында, ерлікті есте сақтап, Жеңіс жолында майданда қан, тылда тер төккен барша майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне алғыс айтып, құрмет көрсету біздің қасиетті парызымыз,- деп жазды әкім.

Ұлы Жеңіске 80 жыл
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Сондай-ақ ол сөзінде Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанып, Отан қорғауға атсалысқанын, соғыс салған қасірет әрбір отбасының тарихында өшпес із қалдырғанын атап өтті.

Ұлы Жеңіске 80 жыл
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

- Біздің аталарымыз бен аналарымыздың батырлығы мен жанқиярлығы, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жастарына зор үлгі. Ендеше өңіріміздің әр тұрғынын қазыналы қарттарымызды ардақтап, қал-қадіріміз жеткенше қайырымдылық жасап, оларға қолдау көрсетуге шақырамын. Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата апаларымызға амандық тілеймін! Еліміздің дархан даласы кең, аспаны әрдайым ашық болсын!», - деп жазды өңір басшысы.

«Отан дауысы» байқауы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналғаны туралы жаздық.

Әлия Молдағұлова
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі
Әлия Молдағұлова ескерткіші
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

 

 

Соңғы жаңалықтар