Асхат Тағыберген ресми түрде «Тобыл» командасына ауысты

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген ресми түрде қостанайлық «Тобыл» командасына ауысты.

Асхат Тағыберген ресми түрде  «Тобыл» командасына ауысты
Фото: Қазақстан футбол федерацясы

Бұл жөнінде қостанайлық клубтың бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев өз пікірін білдірді.

— Асхатты таныстырудың қажеті жоқ. Ол — Қазақстан құрамасының көшбасшысы, нағыз кәсіби тұлға. Оның тәжірибесі мен шеберлігі командамызға үлкен көмек тигізеріне сенімдіміз. Оның үстіне, Асхат бұған дейін де «Тобылда» ойнаған, жеңіс рухын жақсы біледі, — деді ол.

Айта кетсек, Асхат Тағыберген «Тобыл» командасына үшінші рет келіп отыр. Ол бұған дейін 2017, 2021-2022 жылдарда ойын көрсетті. Қостанайлық клубпен бірге Қазақстан чемпионатын жеңіп, Суперкубоктың екі дүркін иегері атанды.

Қызылорда футболының түлегі «Қайсар», «Ақтөбе», «Астана», «Ордабасы» клубтарында ойнады.

Еске салсақ, бұдан бұрын футзалдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екі ойын қатарынан жеңіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар