Асхат Жіткеев халықаралық дәрежедегі төреші атағын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеев халықаралық дәрежедегі төреші атағын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 4-9 сәуір күндері Алматы төрінде дзюдодан IJF мамандарының қатысуымен құрлықтық және халықаралық дәрежедегі төрешілерге арналған семинар-емтихан өтті.

18 елден жиналған мамандар білімдерін жетілдіріп, Халықаралық дзюдо федерациясының сертификаттарымен марапатталды.

Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеев бірнеше кезеңнен тұрған емтиханнан сүрінбей өтіп, IJF Continental – құрлықтық дәрежедегі төреші атағын алды. Бұл санаттағы төрешілер құрлықтық додаларда, яғни Азия ойындары, Азия кубогі және Азия чемпионаты жарыстарында төрелік ету құқығына ие.

Бұл дәрежеге қол жеткізген қазақстандықтардың қатарында Николай Иванов пен IJF International – халықаралық төреші атағын алған Самат Сапишев те бар.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия кубогінің алғашқы күнінде Қазақстан дзюдошыларының 5 алтын медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Қазақстан жасөспірімдер құрамасы дзюдодан Азия кубогінде көш бастады.

Қазақстан дзюдодан Азия кубогінде бірінші орынға ие болды.


Соңғы жаңалықтар