11:07, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Ашғабадта «Орталық Азия және замананың жаһандық ығыттары» тақырыбына арналған халықаралық семинар өтеді
АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Ашғабадта БҰҰ-ның Орталық Азияға арналған превентивті дипломатия жөніндегі аймақтық орталығының ұйымдаструымен «Орталық Азия және замананың жаһандық ығыттары» тақырыбында екі күндік халықаралық семинар ашылады.
ҚазАқпаратқа бұл туралы БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасының баспасөз қызметінен хабарлады. Семинар жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ауғанстан, Германия, Иран, Түркия, Ресей, Франция, Словакия және АҚШ өкілдер қатысады.
Семинардың мақсаты - Орталық Азиядағы ахуалдың дамуына жаһандық үдерістердің ықтимал әсері бойынша пікір алмасу, оның қарқынын болжау, сондай-ақ өңірдегі қазір орын алып жатқан және әлеуетті ығыттар мен қауіп-қатерлерге жауаптар іздестіру болып табылады.