Ашғабадтағы субұрқақ кешені Гиннестің Рекордтар кітабына енгізілді

АШҒАБАД. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат - Ашғабадтағы «Оғызхан және оның ұлдары» субұрқақ кешені әлемдегі ең үлкен субұрқақ ретінде Гиннестің Рекордтар кітабына енгізілді.
None
None

Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады.

Күн қуатымен жұмыс істейтін 27 түрлі-түсті субұрқақтан тұратын кешеннің жалпы ауданы 14,82 гектарды құрайды. Сәулет-мүсіндік ансамблдің ортасында түрікмен ұлтының негізін қалаушы Оғызхан мен оның алты ұлының ескерткіші орналасқан. Олар Ашғабад қонақтарын Халықаралық әуежайдан қала орталығына баратын жолдың бойында «қарсы алып» тұр.

Алғаш рет Түрікменстан Гиннестің Рекордтар кітабына 2001 жылы қолдан тоқылған ауданы 301 шаршы метр (биіктігі 14 метр, ені - 21,5 метр) және салмағы 1200 келі әлемдегі ең үлкен кілеммен енген болатын.

Соңғы жаңалықтар